Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

0
98
Фото: Sports.kz

— Қазақстандық, әлемнің 234-ракеткасы Дмитрий Попко Саванна (АҚШ) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 248-орында тұрған америкалық Этан Куинның мысын басты.

Бірінші партияда Попко 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде Куинн қарымта қайырды – 7:5.
Шешуші, үшінші сетте қазақстандық теннисші таразы басын аудара алды – 6:3.

Екі сағат жарымнан астам уақытқа созылған тартысты матчта Дмитрий 3 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Корт иесі 4 эйс, 4 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Дмитрий Попко жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 252-сатыдағы нидерландылық Гийс Брувермен сынға түседі. Ол екінші айналымда әлемнің 192-ракеткасы, америкалық Денис Кудладан айласын асырды – 6:3, 6:4.

Жүлде қоры 82 мың АҚШ долларына бағаланған Саванна додасы 28 сәуірде аяқталады.
Д.Попко ATP Live рейтингісінде 225-орынға көтеріліп тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Шевченконың Мадридте әлемнің 3-ракеткасымен кортқа шығатынын жазған болатынбыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ