Халал тойда мас болып, соққыға жығылған

0
373
ашық дереккөзден

Желіде танымал әншінің тойда төбелесіп, соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Massaget.kz.

Видеода әншінің алдымен тойда ән айтып тұрғаны, кейін жартылай жалаңаш төбелесіп жатқаны, артынан соққыға жығылғаны көрсетілген.

«Жетісу облысының Үшарал қаласында 29 шілдеде болған шараның бірінде мас күйде жүрген өнерпаздардың бірі той қонақтарымен төбелескен. Бұл белгілі әнші Ұланғасыр Қамиев екені айтылды», – делінген видео жазбасында.

Бұл жағдайға қатысты Жетісу полиция департаменті өкілдері пікір білдірді.

«Бұл дерек бойынша Алакөл аудандық полициясына арыз-шағымдар түспегенін хабарлаймыз. Алайда іс жүргізу барысында өнерпаздың мерекелік шарада мас күйінде болғаны расталды (той халал өткен). Қазір құқықбұзушы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабына сәйкес (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген жауапта.

Massaget.kz редакциясы бұл оқиғаға қатысты пікір алу үшін Ұланғасыр Қамидің өкілдеріне хабарласты.

«Видеоматериалмен танысып шықтым. Мұндай жағдай болған емес. Монтажбен жасалғаны көрініп тұр. Сіздерден өтінерім, менің әншімнің тарапынан халыққа жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймын», – деді өнер иесінің өкілі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ