Елбасы Еуразия ауқымында жаңа ұйым құруды ұсынды

0
339

Үлкен Еуразияның төртжақты экономикалық форумын құру қажет. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды zamandas.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Еуразия елдері жаңа дағдарыстың алдын алу мақсатында жүйелі диалогты жолға қоюы қажет. Бұл үшін баяғыдан бері, тіпті үшінші елдермен де жұмыс істеп тұрған өңірлік халықаралық бірлестік негізгі арна бола алады», – деп еске алды Елбасы «Астана клуб-2021» отырысында.

ҚР Тұңғыш Президенті Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, сонымен қатар таяуда құрылған Түркі мемлекеттері ұйымы арасында тікелей байланыстарды дамытатын уақыт жеткенін атап өтті.

«Олардың барлығында ең алдымен экономикалық ынтымақтастыққа бағдарлану тән. Дәл осы экономикалық ынтымақтастық базасында саяси, мәдени және өзге де байланыстар артады. Бұл бүкіл ғаламшар үшін үлкен жеңіс болар еді. Осыған орай Үлкен Еуразияның төртжақты экономикалық форумын құруды ұсынамын. Онда елдеріміз Еуразиядағы кооперацияның барлық мүмкіндіктерін талқылап, ілгерілете алар еді. Қазақстан Мемлекет және Үкімет басшылары деңгейіндегі мұндай форумды ұйымдастырушылардың бірі бола алады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ