Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Елдегі су тасқынында 64 мыңға жуық адам эвакуацияланған

фото: Halyq Uni

ТЖМ ТЖ жою департаментінің басшысы Қаһарман Оразалин ОКҚ-да өткен брифингте су тасқынына байланысты Қазақстан өңірлерінен тұрғындарды эвакуациялау бойынша жаңа деректерді жариялады.

Оның айтуынша, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 391 жеке үй, 1 059 саяжай және 79 үй су астында қалған.

Қазір 63 927 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Оның 45-і – мүмкіндігі шектеулі жандар, 15 283-і – бала, – деді Қаһарман Оразалин.

Орналастыру пункттерінде 13 328 адам, оның ішінде 6 742 бала бар. Спикер олардың бәрімен психологтардың жұмыс істейтінін, барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты.

Сәйкес жаңалықтар

Жамбылда тұрып қалған пойыздар қайта жолға шықты

ІІМ терроризм туралы жалған хабарлама үшін жауапкершілік барын ескертті

АСТАНАДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КЕШ ӨТТІ

zamandas69@mail.ru