Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Елдің туын биікте желбірету – әр спортшының арманы

Елорда жұртшылығы Бангкок қаласында өткен бокстан жастар арасында Азия чемпионы атанған Темірлан Мұқатаевты сән-салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

90 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Темірлан Мұқатаев ақтық бәсекеде өзбекстандық боксшы Шохрух Абдумаликовпен күш сынасып, тартысты жекпе-жекте 3:2 есебімен жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды.

«Бұл жеңіс – мен үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін үлкен қуаныш. Елдің туын биікте желбірету – әр спортшының арманы. Маған сенім артқан жаттықтырушыларыма, жанкүйерлеріме және қолдау білдірген барша қазақстандықтарға алғысым шексіз. Бұл тек бастамасы, алда әлі талай жеңістер күтіп тұр!» – деді Азия чемпионы Темірлан Мұқатаев.

Чемпионатта ел намысын абыроймен қорғаған тағы бір спортшымыз – Ақбота Есімбекова. Ол қыздар арасындағы бәсекеде қола медаль жеңіп алып, қазақстандық команданың қоржынына үлес қосты.

Айта кетерлігі, бұл – World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өткізілген алғашқы құрлықтық біріншілік. Дүбірлі додаға 26 елден 400-ге жуық жас спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Бұған дейін Темірлан Мұқатаев 5 мәрте Қазақстан чемпионы атанып, 4 рет Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алғанын атап өткен жөн.

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Транзиттік әлеует неге тежеліп тұр?

Мемлекет басшысына қоғам назарын аударған бірқатар қылмыстық істі тергеу барысы жөнінде мәлімет берілді

Александр Бублик әлемдік рейтингте рекорд орнатты