Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің төртінші айналымына өтті
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өткен WTA-1000 теннис турнирінің үшінші айналымында испаниялық Паула Бадосаны жеңді.
Ойын қорытындысы бойынша Рыбакина 3:6, 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 2 сағат 33 минутқа созылды. Қазақстандық қайтарымсыз 12 соққы жасаған. Сонымен қатар төрт екі еселенген қателік жіберіп, 15-тен 6 брейк-пойнтты іске асырды.
Қазақстанның алғашқы ракеткасы жеке рекордын жаңартты. Бадосаны жеңу ол үшін WTA-да қатарынан оныншы рет орын алды. Бұған дейін қазақстандықта екі рет жеті матчтан тұратын жеңісті серияға ие болған-ды, олардың бірі 2022 жылы “Уимблдонда” жеңіспен аяқталған.
Айта кетейік, Елена Рыбакина еліміздің жас теннисшілеріне қолдау ретінде 2,5 миллион теңгеден берген еді. Олардың қатарында Линара Бөлешева, Полина Барабанова, Амина Нұрахан, Ариана Гогулина, Сатима Төреген, Ева Карышева, Альбина Кәкенова, Аружан Арыстанбекова, Дана Байдәулет, Іңкәр Дүйсебай, Айя Нүпбай, Полина Слепцова, Сандуғаш Кенжебаева және Зара Даркен бар.