Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Еліміз алғаш рет пара үстел теннисінен Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Пара үстел теннисінен сегізінші санатта өнер көрсететін Али Мақұлбеков XVII жазғы Паралимпиадаға жолдаманы жеңіп алды.

Әли Мақұлбеков – пара үстел теннисінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Оның жеңіп алған лицензиясы жарысқа өзі баратын болғандықтан жолдама болып есептеледі.

Бұл – еліміздің Паралимпиадаға алған13-лицензиясы. Бұған дейін пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, пара жүзуден 3 жолдама, пара таэквондодан Нұрлан Домбаев, Кәмила Досмалова, Нышан Өмірәлі, пара каноэдан Спатай Бибарыс пен Жаныл Балтабаева жолдама жеңіп алған болатын.

XVII жазғы Паралимпиада 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Францияның астанасы – Парижде, спорттың 23 түрінен өтеді.

Лицензиялық жарыстар әлі жалғасып жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда жаңа «Алатау» теннис орталығы ашылады

Спортшы елімізге күміс сыйлап, гимнастикадан тарихи жетістікке жетті.

Санжар Тәшкенбай оқудан неге шығарылғаны белгілі болды