Елімізде 9,5 млн тоннаға жуық астық бастырылды

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Бүгінгі күні дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 6,7 млн гектары жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 41,8%-ын құрайды. Шамамен 9,5 млн тонна астық бастырылды.
Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 268,3 мың тонна майлы дақыл, гектарынан 236,3 центнер өнімділікпен 1 млн тоннадан астам картоп, гектарынан 276,2 центнер өнімділікпен 2,4 млн тоннаға жуық көкөніс, сондай-ақ гектарынан 274,6 центнер өнімділікпен 2,2 млн тоннаға жуық бақша дақылдарын жинап үлгерді.
Сонымен қатар, 357,4 ц/га өнімділікпен 385 мың тонна қырыққабат, 407,1 ц/га өнімділікпен 458,3 мың тонна пияз және 294,4 ц/га өнімділікпен 174,8 мың тонна сәбіз жиналды.
Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде және агротехникалық тұрғыдан оңтайлы мерзімде жүргізілуде.