Елімізде “Қауіпті жүргізуші” жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

0
13

Елімізде “Қауіпті жүргізуші” жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Аталған іс-шара 7 желтоқсанға дейін жалғасады.

Іс-шараның мақсаты — жолдарда заң пен тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарды тоқтату, және жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Осы кезеңде республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы жолдарда автопатрульдер саны артты. Қауіпсіздікке ең жоғары қатер төндіретін бұзушылықтарға бақылау күшейтілген.

Негізгі назар жүйелі түрде жол қозғалысы ережелерін бұзатын жүргізушілерге, заңсыз тасымалдаумен айналысатын тұлғаларға, сондай-ақ жауапкершіліктен жалтаруға тырысатын адамдарға аударылады. Осындай фактілерді анықтау үшін көлік инспекциясы, мемлекеттік кірістер органдары және көлік прокуратурасы өкілдері қатысатын мобильді топтар құрылды.

– Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесінің мәліметінше, бүгінде елімізде 4000-нан астам жүргізуші 40 және одан да көп жол ережелерін бұзған. Олардың әрқайсысын міндетті түрде анықтап, ұстап және профилактикалық жұмыс жүргізу шараларын қабылдайды. Жалған немесе мемлекеттік нөмірлік белгілері жоқ көлікті басқаратын жүргізушілерді, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды орындаудан жалтаратындарды анықтау бойынша жұмыс күшейтілді, – деді ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ