Елімізде электр энергиясы 1 қыркүйектен бастап қымбаттайды

0
83
Фото: pixabay
ҚР Энергетика министрлігі электр энергиясына шекті тарифтерге өзгерістер енгізу туралы бұйрық дайындады.
Өзгерістер 1 қыркүйекте енгізіледі деп жоспарланған.

Электр энергиясын сататын энергия өндіруші ұйымдардың бірінші тобында шекті баға 8,05-тен 8,27 теңге/кВтсағ-қа дейін, екіншісінде – 7,40-тан 7,98 теңге/кВтсағ-қа дейін, тоғызыншысында – 8,49-дан 9, 27 теңге/кВтсағ-қа дейін өседі.

Өзгерістер енгізілетін компаниялар:

Еуроазия энергетикалық корпорациясы
«Астана-Энергия»
«Алюминий Қазақстана»
«Степногорск ЖЭО»
«Жаңажол ГТЭС»
«3-Энергоорталық»
«Казхром»ТНК»

Бұйрықта түзету энергия өндіруші ұйымдардан тәуелсіз электр энергиясын өндіруге арналған негізгі шығындардың, атап айтқанда, тасымалдауға, бағаның өсуіне, жалақыға және жөндеу жұмыстарына жұмсалатын отын шығындарының ұлғаюымен байланысты екені түсіндірілді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ