Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

0
52
фото: express-k.kz

2-4 қаңтар аралығында ауа-райының нашарлауына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақмола, Абай және Жетісу облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде және облыстық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Еліміздің 2 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді:

Ақмола облысында 1 учаске

  • «Астана – Петропавловск» 18-234 шақырым. Астана қ. – Щучинск қ. — 216 шақырым;

Жетісу облысында 1 учаске

  • «Үшарал – Достық» 84-184 шақырым, Көктұма бек. – Достық бек. – 100 шақырым.

Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 363 техника және 524 адам жұмылдырылды.

ТЖМ дауылды ескерту кезеңінде алыс сапарларға шықпауға, алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуға кеңес береді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ