Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда.

0
10

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 8,4 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 52,6%-ы жиналды. Нәтижесінде 12,7 млн тонна астық бастырылды.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 435 мың тонна майлы дақыл, гектарына 224,3 центнер өнімділікпен 1,5 млн тонна картоп және гектарына 284,5 центнер өнімділікпен шамамен 2,5 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 330,1 ц/га өнімділікпен 396 мың тоннадан астам қырыққабат, 423,3 ц/га өнімділікпен 676,7 мың тонна пияз, сондай-ақ 296,6 ц/га өнімділікпен 241,2 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ