Елорда орталығында бейтаныс әйел ауладағы екі бойжеткенді ұрып кеткен
Астанадағы аулалардың бірінде белгісіз әйел екі бойжеткенді ұрып кеткен.
Қыздардың бірінің айтуынша, оқиға тамыздың 26-сынан 27-сіне қараған түні Бейбітшілік көшесінде болған. Жәбірленуші өзін бейтаныс әйел басы-көзінен төпелеп, қабағын жарып жібергенін жеткізді.
Ал Астана қаласының полиция департаменті аталған жағдай бойынша Сарыарқа аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі («Бұзақылық») бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.
Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр.