Елордада жыл соңына дейін 1 миллионға жуық жасыл желек отырғызылады

0
28
Фото: Kazinform

— Астанада «Таза Қазақстан. Астана — тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық науқан жалғасып жатыр.  «Жасыл аймақ» ұранымен өтіп жатқан шара аясында осы аптада ағаш отырғызылып, екпелерді ақтау жұмыстары жүргізілді.

Елорда әкімінің ресми сайты хабарлағандай, оған қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мәдениет және спорт қайраткерлері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес субъектілері (базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, кафелер, мейрамханалар және басқалар), еріктілер, оқушылар мен студенттер, МИБ (ПИК) және басқалар қатысады.

Елорда тұрғындары эко іс-шараларға белсенді қатысады және әрбір тұрғын елордада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлесін қосады. Азаматтар бүкіл кіреберістер мен өз аулаларын таза ету үшін шығады.

Аталмыш экоапта аясында елордада 30-дан астам іс-шара өткізу жоспарланған, жыл соңына дейін 1 млн-ға жуық жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр.

«Біз апта сайын ауламызды тазалауға барамыз. Бұл дәстүрге айналды, әр демалыс сайын көршілермен жиналып, ауланың аумағын қоқыстардан тазартып, аумақты абаттандыру. Қаладағы тазалық көбінесе қала тұрғындарының мінез-құлық мәдениетіне байланысты. Біз бәріміз әдемі, таза қалада өмір сүргенді ұнатамыз. Ал өз қалаңызды таза, әдемі және жайлы ету үшін әрқайсымыз тазалық пен тәртіптің қарапайым ережелерін талап етеміз», — деп атап өтті Сарыарқа ауданының белсендісі Айжан Бекбаева.

Ауқымды экоакция шеңберінде қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілері, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда объектілеріне іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, экоакцияға қатысушылар арасында фитнес-клубқа үш абонементке конкурс өткізіледі. Оған кез келген адам қатыса алады.
Ол үшін: Instagram-дағы Астана әкімдігінің ресми аккаунтына (@akimat__astana) жазылу, Instagram-дағы экоакциядан түпнұсқа видеосын жариялау және оны #тазаастана, #экоакцияастана хэштегтерімен белгілеу қажет (жарияланым болуы керек, stories емес).

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ