Елордалық оқушылар республикалық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті

Астана қаласында 9-11 (12) сынып оқушылары арасында физика және биология пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Ауқымды білім бәйгесіне еліміздің әр өңірінен жиналған дарынды оқушылар қатысып, өзара білім мен біліктілік деңгейін сарапқа салды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елорда намысын қорғаған 20 оқушының 13-і физика, 7-еуі биология пәндерінен бақ сынады. Олимпиада қорытындысы бойынша астаналық жас зияткерлер жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы 15 жүлделі орынға ие болды.
Жалпы медаль қоржыны: 3 алтын, 6 күміс, 6 қола.
Физика пәні бойынша:
Алтын медаль иегерлері:
• Мерген Сабыров;
• Нұргүл Егенбергенова;
• Ілияс Қазымбек.
Күміс медаль иегерлері:
• Тимур Алпысбаев;
• Сұлтан Дарханұлы;
• Даниэль Түлебаев;
• Иван Рудик;
• Григорий Мальцев.
Қола медаль иегерлері:
• Әлимансұр Асылтай
• Мұхаммедали Жұмаділ
Биология пәні бойынша:
Күміс медаль иегері:
• Жібек Жамбыл.
Қола медаль иегерлері:
• Дарья Широких;
• Нұрхат Мақсот;
• Нұрбақыт Амантай;
• Абылай Кәдірбай.









