Елордалық спортшы күміс медаль жеңіп алды
Астана қаласының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Эстонияда өткен Tallinn Trophy халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Софья үшінші орында тұрған еді. Алайда, еркін бағдарламада өз жағдайын жақсартып, нәтижесінде екінші орынға ие болды. Жалпы жерлесіміз Софья Самоделкина 173,25 ұпай жинады.
Бірінші орынды 192,48 ұпаймен Бельгиядан барған Нина Пинзаррон иеленді. Ал қола медалді канадалық Сара-Мод Дюпуа 163,58 ұпаймен жеңіп алды.