Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

«ENBEK FEST» республикалық жастар слеті өтті

Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Алматы облысының Қонаев қаласында «ENBEK FEST» республикалық жастар слеті өтті.

Іс-шараға еліміздің 8 өңірінен жұмысшы мамандық иелері мен өңір кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Слет аясында «JasTalks» атты панельдік сессия өтіп, онда шақырылған спикерлер өз тәжірибелерін бөлісті.

Қатысушылар үшін өндірістік және өнеркәсіптік нысандарға танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек, слет бағдарламасында командамен жұмыс істеуге, көшбасшылық қабілеттерді дамытуға арналған тренингтер, интеллектуалды ойындар және мәдени-танымдық іс-шаралар қамтылды.

Слеттің салтанатты жабылу рәсімі Шарын шатқалында өтті.

Сәйкес жаңалықтар

Әлемнің 10 елінен келген скауттар көшпенділердің тұрмыс тіршілігімен танысуда

Жеңіс Қасымбек сол жағалау көшелерін неліктен су басқанын түсіндірді

Астана әкімі қала мүлкіне ұқыппен қарауға шақырды