Енді қазақстандықтарға тұтынушылық несие беруге тыйым салынады

0
47
www.istockphoto.com
Қазақстанда 1 шілдеден бастап несие берудің жаңа ережелері қолданысқа еніп жатыр. Бүгіннен бастап тұтынушылық несие төлемі 90 күннен астам кешіктірілсе, несие беруге тыйым салынады.
Сондай-ақ, коллекторларға қарыз беруге екі жылдық мораторий енгізілді. Осы аралықта несие берушілер мерзімі өткен несиені коллекторларға бере алмайды. Егер де қарызыңыз коллекторларға өтіп кетсе, берілген қарыз алушыларды қолдау мақсатында 2024 жылғы қазаннан бастап олар берешекті реттеу рәсімін қолға алады.

Оған қоса, 1 шілдеден бастап қазақстандықтар жұбайының келісімінсіз несие ала алмайтын болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ