Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Шоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаев Серік Ибрагимовке қолдау көрсеткені рас па?

фото:ашықдереккөз

Танымал әнші Серік Ибрагимов кинопродюсерлікке бет бұрып, бүгінде тырнақалды туындысын түсіріп жатыр. Өнер иесі “Заман-Back” атты фильміне қолдау білдіріп, жобасына демеушілік еткен жандарды атады. Соның арасында әнші Мейрамбек Бесбаев та бар.

Серік Ибрагимовтың айтуынша, өнердегі ағасы Мейрамбек жаңа бастамасын қолдаған.

– Осыған дейін жинаған абыройымыз бар. Мейрамбек ағамыз қолдап, ақыл-кеңесін беріп, таныс-тамырларынан белгілі бір мөлшерде қарыз алып, көлігімізді саттық. Жоқтан бар жасап, кино түсіріп жатқан жайымыз бар. Ауылда Абзал Атағожаев деген інім бар. Үш-төрт жыл ақша жинап, 2022 жылғы көлік сатып алған. Кореядан 12 жарым миллионға алыпты. Соны бір ай ғана жүргізіп, мен үшін сатып жіберді”, – деді әнші “Revue News” бағдарламасында.

Сәйкес жаңалықтар

Өнердегі құрбысына «орамалың құтты болсын» деп айтып, елді ойландырып қойды.

Қамаудан шыққан Әбдіжаппар Әлқожа киімдерін өртеп жіберді

Танымал сазгер Тоқтар Серіковті сотқа беретінін айтты