Еренғайып Қуатайұлы Прага жарты марафонына қатысады

0
137
Фото: facebook.com/yerengaiyp.quataiuly

Белгілі журналист, кәсіпкер, былтыр АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында алғаш болып отандастарымыздың арасында алты мэйжор марафонды sub 3, яғни 3 сағат ішінде жүгірген Еренғайып Қуатайұлы Португалияның Лиссабон қаласында өтіп жатқан Lisbon half marathon-2024 марафонына қатысып жатыр.

Кеше ол марафонда жүгіріп, мәреге 1 сағат 21 минут 53 секундтта жетті. Оның айтуынша, нәтиже жаман болған жоқ. Жалпы, Еуропада Лиссабоннан басқа тағы 5 жарты марафон бар. Олар – Прага, Берлин, Кардифф, Копенгаген және Валенция.

Кеше мен алты жартыны бастадым. Нәтиже жаман емес: 1:21:53. Lisbon half marathon толық марафоннан кем болған жоқ. Әлемнің әр жерінен 37 500 адам қатысқан сұрапыл жарыс болды. Айтпақшы, жарты марафонның әлемдік рекорды осы Лиссабон жарты марафонының еншісінде. Екі жыл бұрын угандалық желаяқ Киплимо Джейкоб 57:31 нәтижесімен талайдың таңдайын қақтырған болатын. Биыл Лиссабонда күн ыстық болды. Соған байланысты болған шығар, әлем рекорды жаңармақ түгілі, оған бақандай 3 минут жетпей қалды.

Қалай болғанда да ұйымдастыру деңгейі мэйжор марафоннан еш кем болған жоқ. Тек публиканың ағылшындар сияқты агрессивті қолдауы жетіспей қалған сияқты. Сонымен, Superhalfs-тың алғашқы медалы қалтада. Алда сәуірде Прага күтіп тұр», – деді ол.

Еренғайып Қуатайұлы – жоғарыда атап өткеніміздей, алғаш болып отандастарымыздың арасында 6 мэйжор марафонды sub 3, яғни 3 сағат ішінде жүгірген азамат. Ол Бостон, Чикаго, Нью-Йорк, Берлин, Лондон, Токио марафондарында, яғни, 6 мэйжорды жүгірген 6 адамның бірі.

Марафон тек далақтап жүгіру емес, оның да философиялық мәні бар. Марафон – жігер. Марафон – тәртіп. Марафон – қайырымдылық. Марафон – саяхат… –  дейді Еренғайып Қуатайұлы.

Иә, шынымен де жеңіл атлетика – спорттың төресі. Ол – философия, ол – денсаулық кепілі. Сол себептен желаяқ журналист халықты белгілі жеңілатлет Михаил Красиловтың Young runner клубына мүше болып марафонға дайындалуға шақыратынын тағы да айтты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз