Еркін күрес: Камиль Куруглиев Азия чемпионы атанды

0
81
Фото: Күрес түрлері федерациясы

Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының (U15&U20) сегізінші күні U20 еркін күрестен 5 келі салмақ дәрежесінде белдесулер өтіп, ұлттық құрама ел қоржынына 4 жүлде салды.

Атап айтар болсақ, 97 келіде сынға түскен маңғыстаулық балуан Камиль Куруглиев финалда өзбек Айназар Базарбаевты ұтып, Азия чемпионы атанды.

57 келідегі Мерей Базарбаев түркімен Амир Амаюновтан, 70 келіде сынға түскен Мұхаметәлі Қабидолданов үнді Нарендер Нарендерден және 79 келідегі Мағжан Жанырбай өзбек Далер Чулибаевтан басым түсіп, құрлық чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.

Бүгін чемпионаттың соңғы күні U20 еркін күрес балуандары 61, 74, 86, 92 және 125 келіде белдеседі.

Дастан ЖҰМАБЕКҰЛЫ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ