ҰҚК заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті

0
94
Фото: gov.kz

ҰҚК заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 шілдеде ведомствоның Атырау облысы бойынша департаменті ҚР Қылмыстық кодексі 394-бабының 2-тармағы («Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қылмыстық іс бойынша жан-жақтылық, толықтылық пен объективтілікті қамтамсыз етуге бағытталған бірқатар тергеу амалдары жүргізілді. Бұл әрекеттер ұйымның коммерциялық және өзге жұмысына кедергі келтірмейді. Ешкім де ұсталмады.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ