Садақ ату: Қазақстан әйелдер құрамасы тарихи жүлдеге қол жеткізді

0
24
Фото: ҚР ҰОК

 – Қытайдың Шанхай қаласында садақ атудан өтіп жатқан әлем кубогының алғашқы кезеңінің бірінші жарыс күні қазақстандық әйелдер құрамасы блоктік сайыс бойынша қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасының әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Бұған дейін біздің команда кубоктік сындардан мүлде медаль алмаған.

Жарыстағы жолы:
1/4 финал
Қазақстан – Оңтүстік Корея 234:230

Оңтүстік Корея Токио Олимпиадасында чемпион атанған. Бірақ бұл құрамдағы спортшылар емес.
1/2 финал
Қазақстан – Италия 227:227 (28:29)

3-орын үшін талас
Қазақстан – Эстония 231:224

Адель Жексенбинова
Виктория Лян
Айжан Сейдахметова.

Аталған дода 28 сәуірде мәресіне жетеді. Жалпы әлемдік додаға Қазақстан сапынан 16 спортшы қатысып жатыр.

Осыған дейін аталған сында ел намысын кімдер қорғайтынын жазған болатынбыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ