Эстония Ресеймен шекараны жабуға дайын екенін мәлімдеді
Эстония Ресей Федерациясымен шекарадағы өткізу пунктін жабуға дайын екенін мәлімдеді.
STT агенттігінің хабарлауынша, Эстония полициясы мен шекара қызметі (PPA) қажет болған жағдайда Ресеймен шекарадағы барлық өткізу пункттерін тез арада жабуға дайын.
Біз жағдайды сағат сайын бақылап отырамыз. Біз шекарадағы жағдай шиеленіскен жағдайда бекеттерді дереу жабуға дайынбыз, – деді Эстония полициясы мен шекара қызметінің жедел директоры Иво Утсар.
20 маусымда Эстония полициясы мен шекара қызметі Ресеймен шекарадағы үлкен кептеліске байланысты «Нарва-1» бақылау-өткізу бекетін мерзімінен бұрын жауып тастады.
Қолда бар мәліметке қарағанда, Эстония мен Ресей Федерациясының шекарасындағы өткізу бекетінде шамамен 500 адам кезекке тұрған. Олар Эстониядан кеткісі келіп жатыр.