Франция билігі iPhone 12-ні сатуға тыйым салды
Франция iPhone 12-ні сатуға тыйым салды, деп хабарлады turkystan.kz anfr.fr-ге сілтеме жасап. Бұған аталған телефон моделінен өте жоғары радиация бөлінуі мүмкін деген күдік себеп болған.
IPhone 12-де радиация деңгейі жоғары екені анықталған. Негізгі норма 4 Вт/кг болса, аталған модельде – 5,74 Вт/кг.
Қазір Франция билігі ұялы телефондардың сәулелену көрсеткіші ағзаға қалай әсер ететінін тексеріп жатыр. 12 қыркүйектен бастап елде IPhone 12-ні сатуға тыйым салынды.