Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Екібастұзда екі адамды тоқ соқты

Екібастұзда жылыту радиаторлары жарылған үйде тоқ соғып, екі тұрғын көз жұмды.

«Жеке тұрғын үйден 1959 жылы туған ер адам мен 1965 жылы туған әйелдің мәйіттері табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылықпен өлімнің сыртқы белгілері жоқ. Қонақ бөлмеде еденде жалаңаш сымдары бар электр жылытқышы болған», деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл дерек Екібастұз қаласының полиция департаментінде тіркелді.

14 ақпанда мәйіттерге жүргізілген сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша «Техникалық электр тоғының әсерінен жарақаттану» диагнозы қойылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда ауа ластануын азайту жоспары аясында қоқыс шығаратын арнайы техниканы бақылау күшейтілді

Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында Үкімет батыл әрі тиімді қадамдар жасайды — Олжас Бектенов

«ӨРЛЕУ. Түркі билерінің жаңғырығы» фестивалі Алматыда Түркі әлемі өкілдерін біріктірді