Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Главная

Жарылыстан қайтыс болғандар туралы ақпарат — жалған

«WhatsApp» мессенджерінде Ақтауда 7 қараша күні шамамен сағат 21.18-де Ақтау қаласында орын алған жарылыс нәтижесінде 14 адам қаза тауып, 25 адам жансақтау бөліміне түсті деген жазба тарады. Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері бұл ақпаратты жоққа шығарды, — деп хабарлайды zamandas.kz сайты.

Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері Жәнібек Әжмұхановтың мәліметінше, 7 қараша сағат 23.45-гі жағдай бойынша облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жарылысқа қатысты қоңырау тіркелген жоқ.

«Сондай-ақ жансақтау бөліміне жарылыстан зардап шеккен науқастар түскен жоқ. Қазір оқиға орнында 4 бригада жұмыс істеп жатыр», — деді Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері Жәнібек Әжмұханов.

Жарылыс болған дәмхананың иесі Абай Әміреевтің айтуынша, оқиға болған уақытта кафеде қызметкерлер мен қонақтар болмаған.

Сәйкес жаңалықтар

Объединенный горный кластер Алматы не предусматривает перевод земель национального парка в другую категорию.

Нити длиной в полвека: в Алматы откроется юбилейная выставка Батимы Заурбековой

zamandas69@mail.ru

Казахстан и Великобритания завершили парафирование ветсертификата на импорт генетического материала сельхозживотных