Грузияға биыл 80 мың тонна бидай экспорттауға келістік
![](https://zamandas.kz/wp-content/uploads/2025/02/dbb4932218677d7c69224e85f25660bc_1280x720-905x613.jpg)
Қазақстан 2025 жылы Грузияға 80 мың тонна бидай экспорттайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.
Грузия мемлекетімен жұмысты бастап кеттік. 2023 жылы біз ол елге бидай да, ет те шығармаған болатынбыз. 2024 жылы олармен қарым-қатынасты түзеп, бидай, сиыр еттерін экспорттадық. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 71 млн долларға экспорт жасалды. Бидай мен етті экспорттау бойынша жұмыс биыл да жалғасатын болады, – деді министр Қазақстан және Грузия Үкімет басшыларының келіссөзінен кейін БАҚ өкілдеріне.
АШМ басшысының айтуынша, биыл бидайдың бағасы былтырғы жылға қарағанда төмен. Сол себепті екі ортадағы логистикаға субсидия төленеді.
Грузияға биыл 80 мың тонна бидай экспорттауға келістік. Олардың жылдық тұтыну қажеттілігі 80-100 мың тонна. Ал ет бойынша, олардың тарапынан қанша сұраныс болса, біз сонша ет жеткізуге дайынбыз, – деді Айдарбек Сапаров.
Айта кетейік, бұған дейін 20 жыл ішінде ел экономикасына грузиялық инвесторлар қанша қаржы құйғанын жазған едік.
Сондай-ақ Қазақстан мен Грузия арасында Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалдау көлемі өткен жылы 62 пайызға артты.
Дереккөз: www.inform.kz