Халықаралық қысқы спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті

0
14

Көкшетауда халықаралық қысқы спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев 19 спортшы мен олардың жаттықтырушыларына облыс әкімінің ақшалай сертификаттары мен алғыс хаттарын табыс етті.

Облыс басшысының марапатын Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Арина Крюкова, Вадим Куралес, Александр Мухин, Константин Борцов, Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Олжас Климинге; Ольга Тихонова мен Яна Хан, спортшылардың жеке жаттықтырушылары Петр Гамидов, Владимир Сизухин, Владимир Затула, Александр Мухин, Владимир Борцов, Татьяна Сергеева, «Арлан» клубының хоккейшілері Эдуард Михайлов пен Денис Чапоров алды.

Айта кетейік, Ақмолалық спортшылар Харбиндегі 9-қысқы Азия ойындарына, Туринде өткен 32-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға, сондай-ақ Бейжіңде өткен шорт-тректен әлем чемпионатына абыроймен қатысты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ