Инклюзивті білім беру 2025 жылға қарай елордадағы барлық білім беру ұйымын қамтитын болады

0
348

Астанада ерекше білім беруді қажет ететін балаларды әлеуметтік бейімдеу шараларын қабылдауға ерекше көңіл бөлінеді. 2025 жылға қарай қаланың барлық оқу орнында мұндай жағдай жасау жоспарланып отыр. Бұл туралы Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Есет Бәйкен айтты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінде Астанада ерекше білім беруді қажет ететін 16 527 бала бар.

Елордада 64 балабақшада (65%) және 89 мектепте (94%) инклюзивті білім беруге жағдай жасалған.
2025 жылға қарай мұндай жағдай барлық білім беру ұйымында жасалады.

«Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тексеру бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру қызметін 6 ұйым көрсетеді. Жаңа оқу жылында №7 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ашылды. Жаңа мекеме сол жағалауда орналасқан және Есіл ауданының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Жыл соңына дейін тағы бір психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ашу жоспарланып отыр», – деді спикер.

Оның айтуынша, жаңа оқу жылында үш мектепте (№3, 31, 95) инклюзивті қолдау кабинеті ашылды. Қаладағы мектептерде барлығы 28 инклюзивті қолдау кабинеті, балабақшаларда 4 кабинет бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ