Іс-шараның мақсаты — кураторлардың студенттердің деструктивті ағымдарға тартылу қаупін ерте анықтау дағдыларын дамыту

15 қыркүйек күні сағат 15:00-де А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында «Студенттердің деструктивті әлеуметтік эпидемияларға тартылу тұрақтылығын диагностикалау» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты — кураторлардың студенттердің деструктивті ағымдарға тартылу қаупін ерте анықтау дағдыларын дамыту, сондай-ақ теріс әлеуметтік құбылыстардың алдын алу мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру.
Семинарға университет кураторлары мен психологиялық қызметтің жетекшісі Тулебаева А.А. қатысты.
Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
- студенттердің осалдық белгілері;
- деструктивті ағымдардың психологиялық-әлеуметтік ықпал ету механизмдері;
- ерте диагностикалау және профилактика құралдары;
- куратордың қолдау мен сенімнің алғашқы желісі ретіндегі рөлі.
Семинар интерактивті форматта өтті: қатысушылар сұрақтар қойып, практикалық кейстерді талдап, ұсынылған тақырыптарды белсенді талқылады. Ақнұр Ақжановна қазіргі ақпараттық қысым жағдайында жастармен жұмыста мұқият әрі жауапты көзқарастың маңыздылығын атап өтті.
Осындай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, мамандардың кәсіби дайындығын арттыруға, қауіпсіз әрі орнықты білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.