Ішімдік, пневматикалық қару, тышқанның уы: Ақмола облысындағы лагерлер тексеріліп жатыр

0
109
фото: дереккөз

Бас прокурордың тапсырмасы бойынша, Ақмола облысының прокуратурасы балалардың сауықтыру орталықтарының (балалар лагерлерінің) қызметіне кешенді тексерулер жүргізіп жатыр.

Тексерудің алдын ала нәтижесіне сүйенсек, санитарлық-эпидемиологиялық заңнама, өрт қауіпсіздігі, еңбек, білім беру, медициналық заңнама және т.б. талаптарының бұзылуы анықталған.

Мысалы, лагерлердің бірінде 21 қызметкердің 18-і еңбек шарттарынсыз және санитарлық кітапшаларсыз қабылданған. Сондай-ақ лагерьде 100 баланың орнына белгіленген нормадан көп балалардың бір мезгілде болу фактілері (іс жүзінде демалыста 170 бала бар) анықталды.

Балалардың сауықтыру орталықтарының аумақтары мен үй-жайларын тексеру кезінде спирттік ішімдіктерден бос бөтелкелер, темекі бумалары, құрамында спирті бар сусындарды өндіруге арналған айшықты аппарат, пневматикалық қару, балалар лагерінің ас үй аймағында сақталған тышқанның уы және басқа да тыйым салынған заттар табылды, – деп хабарлады Ақмола облысының прокуратурасы.

Кейбір лагерь әкімшілігі балаларды тиісті нұсқаушылардың (құтқарушылардың) сүйемелдеуінсіз жаппай шомылу орындарына (шомылуға тыйым салынған) апару фактілер анықталды.

Тексеру іс-шаралары жалғасып жатыр және нәтижелері бойынша шаралар қабылданатын болады.

Е.БОЛАТҰЛЫ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ