Тәуелсіздік – тәуекелге бара алатындардың сыбағасы

0
152

Тәуелсіздік мерекесі – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттілігінің, ата – баба аңсаған азаттықтың тұғыры нығайған маңызды белес. Тарих сахнасында Тәуелсіздіктің бастауы болған Желтоқсан оқиғасына биыл 37 жыл толып отыр. Бұл оқиға еркіндік пен теңдікті талап еткен қазақ жастарының азаттық үшін арпалысының жарқын көрінісі.

Мемлекет басшысының батыл қадамдарының, тарихи шешімдерінің және оған қолдау көрсеткен халқымыздың бірлігі мен қажырлы еңбегі нәтижесінде ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүргізілді. Әлем мойындаған мемлекетке айналдық. Тәуелсіздік алған 32 жыл ішінде рухы асқақ қазақ елі, ынтымағы мен бірлігі жарасып, болашаққа нық қадам басты. Тағдыр тоғыстырған сан ұлт пен ұлыстың өкілі бір шаңырақтың астында еңбек етіп, өнегелі өмір жолын жалғады. Келелі, кемел істер атқарудың арқасында экономика қарқынды өсіп-өркендеп, халқымыз берекелі, бейбіт ғұмыр кешуде. Қазақ халқының рухани құндылықтары да жоғары. Ел тарихының дамуы да едәуір алға басып келеді.

Бүгінде тіліміздің деңгейі төмен, ғасырлар қойнауынан қаймағы бұзылмай келген ана тіліміз жұтаң тартып барады, – деп жиі айтатынымыз рас. Ал аға буынның көпшілігі осыған да шүкір дейді. Себебі еліміз тәуелсіздік алғанға дейін, одан кейінгі жылдарда да он адамның жетеуі – өзге ұлт өкілі, үшеуі ғана қазақ боп қалған кездерде биік мінберді былай қойып, қоғамдық көлікте, қала көшелерінде туған анаңмен, туған балаңмен қазақша сөйлесудің өзі мұңға айналған заман болған. Ал қазір ше? Қазір шүкір. Тіліміз де, дініміз де егеменді еліміздің арқасында құлашын кеңге жайып, гүлденіп келеді. Кейбір деректерге сүйенсек, Тәуелсіздік алған тұста еліміздегі қазақтың саны 40% ғана болыпты. Ал бүгінде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғарылаған. Атап айтқанда, тәуелсіздік жариялағанда Қазақстандағы қазақтың саны 40% болған. Өзге алпауыт мемлекеттер «Сендер азсыңдар мына мемлекетте, қайдағы тәуелсіздік», деген секілді пікір де білдірген. Қазақстан халқының саны сол кездегіден азайып, біразы өзге мемлекеттерге қоныс аударып кеткен. Қазіргі таңда халық саны – 20 миллионға жуықтап қалды. Бүгінде жыл сайын халқымыздың саны артып келеді.

 

Дархан Байтілес

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз