Ішкі істер органдарының кейбір қызметкерлері кезектен тыс аттестациядан өтеді

0
194
Фото: Polisia.kz

 – Ішкі істер органдарының кейбір санаттағы қызметкерлері кезектен тыс аттестациядан өтеді.

«2023 жылдың қорытындысы бойынша өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысы биыл ішкі істер органдарының кейбір санаттағы қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау туралы министрліктің бастамасын қолдады. Осыған сәйкес 28 ақпанда тиісті жарлыққа да қол қойылды, ал аттестациялау 1 сәуірде басталады», – деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазір жарлық негізінде тиісті ведомстволық актілер әзірленіп жатыр.

«Аттестаттаудың мақсаты – басшы лауазымдарды талантты және кәсіби білікті қызметкерлермен жасақтау үшін кадр резервін қалыптастыру. Тәртіп сақшысы болуды мақсат тұтқан адам бірінші кезекте өз жұмысын жақсы көруі тиіс. Отанға, қоғамға қызмет ету, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – негізгі міндеті екенін есте ұстауы қажет. Аттестаттаудың қорытындысы бойынша еліне адал қызмет ететін, интеллектуалды және жеке қасиет тұрғысынан жоғары деңгейдегі нағыз XXI ғасырдың заманауи полициясының қызметкерлері көзге түсіп, сапалы кадрлық резерв қалыптасады деп есептейміз», – дейді ол.

Сондай-ақ, брифинг барысында аттестациядан жеке құрамның 6% өтетіні және қызметкерлердің қандай сынақ тапсыратыны айтылды.

– Кәсіби жарамдылықты анықтау бойынша нормативтерді тапсыру – физикалық дайындығы сынағы және оқ ату дайындығы;

– Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлауға компьютерлік тестілеу;

– Орталық және өңірлік аттестаттау комиссиялары өткізетін әңгімелесу.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ