Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Қазақстандағы су тасқыны: Бектенов пен вице-премьерлер қазір қай аймақта жүр?

Фото: t.me/KZgovernment

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша су тасқыны жағдайын тұрақтандыру үшін премьер-министр мен вице-премьерлер су тасқынына байланысты аса күрделі ахуал қалыптасып отырған өңірлерде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Премьер-министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов қазір Қостанай облысында жүр.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысына аттанды. Премьер-министрдің орынбасарлары Серік Жұманғарин Ақтөбе облысына, Нұрлан Байбазаров Батыс Қазақстан облысына жіберілді.

Сәуірдің 5-нен 6-на қараған түні премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына ұшып барды.

Бұған дейін Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы су тасқынының салдарын жою жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының су тасқынына дайындығын тексерген болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Талдықорған полициясының басшысы әйел зорлады деген күдікпен ұсталды

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алатау ауылының ақсақалдары «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында жергілікті жастармен бірге бұлақ көзін тазалады

zamandas69@mail.ru