Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Баум тоғайында ағаштарды кесіп, соттан жалтарып жүргендер процеске мәжбүрлі түрде жеткізіледі – прокурор өтінішхат берді

Санжар Боқаевтың ісі бойынша Алмалы аудандық сотында өткен кезекті отырыста прокурор үш негізгі куәгер – Нұрсұлтан Разды, Ақылбек Хамракуловты және Артықбаевты сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу туралы өтінішхат берді. Олардың екеуі сот шақыртуын елемей, өз еркімен келуден бас тартып жүр. Ал Артықбаев қазіргі уақытта басқа қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қамауда отыр.

Боқаевтың адвокаттары бұл өтінішхатқа қарсылық білдіріп, куәгерлерді мәжбүрлі түрде жеткізуге қарсы шықты. Алайда төрағалып етіп жатқан судья аталған адамдардың сот отырысына міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету туралы қаулы шығарды.

Қорғау тарапының бұл куәгерлерді сотта көргісі келмеуінің себебі бұған дейінгі отырыстарда жарияланған материалдарға байланысты болуы мүмкін. Еске сала кетейік, Баум тоғайындағы инсценировка эпизоды бойынша ағаштарды тікелей кескен адамдар – Раз, Хамракулов және Артықбаев.

Бұған дейін Боқаевтың жеке бейнеоператоры Ұлан Нүсіпқожа мен полицияның жедел қызметкерлері сотта тікелей жауап берген болатын. Олардың айтуынша, Боқаев көлігінің терезесі арқылы Хамракуловқа бір бума қолма-қол ақша бергеннен кейін ағаштар әдейі кесілген. Қолына ақша түскен соң ғана жалданған жұмысшылар ломбардтан бензинмен жұмыс істейтін араны сатып алып, орманға аттанған.

Кезекті сот отырысы назар аударуға лайықты процессуалдық жағдаймен аяқталды. Боқаевтың адвокаттары қатарынан бес сот отырысында іс материалдарымен танысу үшін қосымша уақыт беруді тұрақты түрде сұрап келеді. Қорғау тарапының өтінішін ескерген судья бұл жолы сот отырысын жоспарланған уақыттан бір сағат бұрын аяқтады.

Сот хатшысы қорғаушылар сұратқан құжаттарды сол жерде, яғни сот залында танысу үшін тез арада беруге дайын болған. Алайда айыпталушыларды тергеу изоляторына алып кеткен бойда адвокаттар ғимараттан асығыс шығып кеткен. Олар тіпті мемлекеттік айыптау тарапының өкілдерінен бұрын сот ғимаратынан кетіп, бұған дейін өздері бірнеше рет өтініш білдірген іс материалдарын мүлде қарамаған.

Сәйкес жаңалықтар

Форумы, предприятия и открытые дискуссии: где партии продолжили предвыборную кампанию

zamandas_kz

Атырау — индустриальный центр с мощным потенциалом для бизнеса и инвестиций. Рабочая поездка Каната Шарлапаева

zamandas_kz

Елімізде 3 700-ден астам үй су астында қалды – ТЖМ

zamandas_kz