Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарҚоғам

Елордада Ұлттық ұланның 170 сарбазы әскери ант қабылдады

Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6636 әскери бөлімінде 170 жас сарбаз салтанатты түрде әскери ант қабылдады.

Еліміздің Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарынан келген жас жауынгерлер Отанға адал қызмет етуге ант берді.

Салтанатты шараға әскери бөлім басшылығы, сарбаздардың ата-аналары мен туған-туыстары қатысты. Әскери бөлім командирі Бағылан Дошаманов жас сарбаздарды құттықтап, Отан алдындағы жауапты міндеттерін абыроймен атқаруға тілектестік білдірді.

Іс-шара барысында әскери қызметшілер қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінен арнайы көрсетілім ұсынып, жауынгерлік шеберліктерін паш етті. Сондай-ақ дәстүрлі ән шырқалып, жиналған қауымға ерекше патриоттық көңіл күй сыйлады.

Айта кетейік, әскери ант қабылдаған жас сарбаздар алдағы бір жыл бойы Отан алдындағы борышын өтеп, белгіленген қызметтік міндеттерін атқарады.

Сәйкес жаңалықтар

На руднике «Жомарт» реализован масштабный комплекс мер по повышению безопасности

zamandas_kz

Проректор Университета Ковентри: Казахстан создаёт экосистему знаний для международного образования

zamandas_kz

Президент республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

zamandas_kz