Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

ІІМ: Пәтер ұрлығы 23,3%-ға азайды

Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Полиция ұрлықтың алдын алу, оған қатысы бар адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бағытында кешенді жұмыс жүргізуде.

Жыл басынан бері Қазақстанда ұрлық деректері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,4%-ға азайған. Сондай-ақ пәтер ұрлығы 23,3%-ға, ал мал ұрлығы 6,7%-ға төмендеді. Сонымен қатар аталған қылмыс түрлерінің ашылу көрсеткіші артты. 10 ай ішінде еліміз бойынша 9 мыңнан астам адам ұсталып, 1248 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды.

Тараз қаласында полицейлер ірі көлемдегі пәтер ұрлығын ашты. Қаражаты мен алтын бұйымдарының жоғалғаны туралы полицияға 27 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Алдын ала мәлімет бойынша, қаскөйлер кіреберіс есіктің кілтін таңдап, пәтерге заңсыз кіріп, бағалы заттарды жымқырған. Келтірілген шығын 17 миллион теңгеден асты. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі күдіктіні анықтап, ұстады. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Түркістан облысында да осыған ұқсас қылмыс тіркелді. Қылмыскерлер қосымша қорғаныс құралдарының жоқтығын пайдаланып, пластик терезені күштеп ашу арқылы үйге кірген. Салдарынан тұрғындарға ірі көлемде материалдық шығын келтірілген. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.

ІІМ азаматтарды өз мүлкінің сақталуына жауапкершілікпен қарауға және қарапайым қауіпсіздік шараларын ұстауға шақырады.

Қала көшелеріндегі көлік жарыстары мен қауіпті маневрлер жүргізушілердің өз өміріне ғана емес, жол қозғалысының өзге де қатысушыларына қауіп төндіреді.

ІІМ мұндай құқық бұзушылықтардың жолын кесу жұмыстарын күшейтті. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері дрифт жасаудың 411 дерегін анықтады. Оның 402-сі автокөліктерге, 9-ы мотоциклдерге қатысты. Барлық көлік құралы арнайы тұрақтарға қойылды.

Мұндай құқық бұзушылықтардың ең көп дерегі Алматы қаласында тіркелді — 142 жағдай. Түркістан облысында — 45, Ақмола және Ақтөбе облыстарында 30 деректен анықталды.

Сонымен қатар түнде тыныштықты бұзу деректеріне де ерекше назар аударылуда. Тек 13-18 қараша аралығында осындай 26 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Заңсыз граффити, ғимараттардың сыртында жазу қалдыру және қоғамдық орындарды бүлдіру — қала көркіне тікелей әсер ететін өзекті мәселе. Мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полицейлер профилактикалық рейдтер өткізіп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Бір апта ішінде граффити жазуларының 3423 дерегі жойылды. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 114 әкімшілік іс қозғалды. Оның 112-сі абаттандыру қағидаларын бұзуға, екеуі ғимараттарды ластауға қатысты.

Профилактикалық жұмыстар қарқынды. Волонтерлермен бірлесіп 5 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, 8 мыңнан астам түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар 10 мыңнан астам ақпараттық брошюра таратылды.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

zamandas_kz

Елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады

zamandas_kz

Новый стандарт обеспечения: впервые национальные сборные Казахстана получают полный комплект экипировки

zamandas_kz