Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдады

Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында ортақ тарихқа, тату көршілікке, сондай-ақ қос халық арасындағы өзара құрмет пен берік байланысқа негізделген Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының айрықша сипатына назар аударды.
Президенттің айтуынша, мемлекетаралық қатынастардың жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне көтерілуі барлық бағыттағы, соның ішінде құқық саласындағы ықпалдастықтың да дәйекті түрде дамып келе жатқанын көрсетеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бүкіл мемлекеттік-құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған ауқымды саяси реформаларға тоқталды.

Өз кезегінде Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Қазақстан сотымен белсенді ықпалдастық жолға қойылғанын жеткізді. Атап айтқанда, тарихта тұңғыш рет екі елдің жоғары сот инстанциялары арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат кәсіби диалогқа, сот төрелігін цифрландыруға және жасанды интеллектіні қолданысқа енгізуге негіз болады.

Сонымен қатар Игорь Краснов ғылым және білім беру салаларында, әсіресе, біліктілікті арттыру және сот қызметкерлерінің цифрлық дағдыларын дамыту бағытында серіктестік аясын кеңейтуге мүдделі екенін растады.

Сәйкес жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға ресми сапармен барады

zamandas_kz

Олжас Бектенов Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөздер жүргізіп, India AI Impact Summit 2026 саммитіне қатысты

zamandas_kz

Алматы – 2026 жылдың басты гастрономиялық бағыты

zamandas_kz