Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

«Табысты осы жерден тауып, шетелде шашу» әдетінен арылу керек – Тоқаев

(Egemen.kz сайтынан алынды)

Президент ел экономикасын ілгерлетуде ірі кәсіпкерлердің үлкен үлес қосатынын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы ірі кәсіпкерлерді елдегі әлеуметтік мәселелерге бей-жай қарамай, бірге атсалысуға шақырды.

«Мемлекеттің қолдауына ие болып отырған ірі бизнес өкілдері айрықша рөл атқарады. «Табысты осы жерден тауып, шетелде шашу» әдетінен арылу керек. Есесіне, елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге көбірек үлес қосуға ұмтылған жөн», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Сондай-ақ кәсіпкерлер тапқан табысын ел экономикасына салуы қажеттігін атап өтті.

«Ірі кәсіпкерлер Қазақстанда тапқан табысын басқа жақта емес, өз еліміздегі бизнесін дамытуға жұмсағаны абзал. Жұмысын осы талапқа бейімдей алған ірі кәсіпкерлер нағыз ұлттық бизнес-элитаға айналады. Халықтың құрметіне бөленіп, мемлекеттің қорғауы мен қолдауына ие болады.

Сонымен қатар бізге «кәсіпкерлердің жаңа толқыны» керек. Мемлекеттің ресурсына арқа сүйемей, бойындағы дарыны мен іскерлігі арқылы тұрақты әрі мықты кәсіп құра білген «тың күштер» қажет», деді Президент.

Сәйкес жаңалықтар

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен келіссөз жүргізді

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 160 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

zamandas69@mail.ru