Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Саясат

Ісімізден сөзіміз көп болып тұр – Президент

Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Үкіметтің есебін тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы әртараптандыру ісінде атқарылып жатқан істің аз екенін айтып, Үкімет жұмысын сынға алды.

«Қазақстан мұнай және газ өндіруші ел ретінде жаңа геоэкономикалық жағдайға бейімделуі керек. Экономиканы әртараптандыру – уақыт талабы әрі стратегиялық міндет. Біз бұл туралы үнемі айтып жүрміз. Бірақ ісімізден сөзіміз көп болып тұр. Дереу іске көшпесек, әлемдік бәсекеде озық бола алмаймыз, яғни әлем экономикасында көш соңында қалуымызға тура келеді. Жаңа ғана еліміздің даму барысы туралы Үкіметтің есебін тыңдадық», деді Президент.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанның бас қаласында II Орталық Азия медиафорумы басталды

Сенатта мәслихат хатшыларының жалақысы мәселесі көтерілді

zd_admin

Асхат Аймағамбетов Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып сайланды