Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Жезқазғанда 21 жасқа толмаған адамға алкоголь сатқан кәсіпкер жауапқа тартылды

Жезқазған қаласында 21 жасқа толмаған адамға алкоголь өнімін сатқан жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты ҚР Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Құқық бұзушылық 15 қарашаға қараған түні тіркелген. Полиция қызметкерлері қаладағы түнгі клубтардың бірінде 21 жасқа толмаған адамға алкоголь өнімін сату дерегін анықтады.

Жалпы, жыл басынан бері Ұлытау облысында 21 жасқа толмаған адамдарға алкоголь өнімдерін сатуға қатысты 29 құқық бұзушылық анықталған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 21 жасқа толмаған адамдарға алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынады.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері кәсіпкерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға және алкоголь өнімдерін сату кезінде сатып алушының жасын растайтын құжатты тексеруге шақырады.

Сәйкес жаңалықтар

Жастардың ақпараттық қауіпсіздік негіздерін меңгеруі – уақыт талабы

zamandas_kz

Абай күніне орай «Абай және қазақ руханияты» тақырыбында тағылымды іс-шара өтті.

zamandas_kz

Coca-Cola İçecek A.Ş. Қазақстанда өндірістік қызметін кеңейтуді жоспарлап отыр

zamandas_kz