JastarX сараптамалық алаңының кезекті маусымы ашылды

0
17

Бүгін Астанадағы ÓzgeEpic креатив хабында JastarX сараптамалық алаңының кезекті маусымы ашылды.

Іс-шараға студенттер мен жас мамандар қатысты. Олар танымал жас ғалымдармен бірге қазіргі қоғамдағы жастардың рөлі және жаңа әлеуметтік стратегияларды қалыптастыруға қосар үлесі жөнінде маңызды мәселелерді талқылады.

Маусымның алғашқы кездесуі «Жаңа буынның құндылықтары: уақыт көрінісі» атты тақырыпқа арналды. Қатысушылар цифрландырудың жастарға әсері, климаттық дағдарысқа деген көзқарас, қазіргі құндылықтар мен мінез-құлық үлгілері туралы ой қозғады. Кездесу интерактивті сессиямен аяқталып, қатысушылар алдағы бастамаларға қатысты идеяларын бөлісті.

JastarX жобасы 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен жүзеге асырылып келеді. Бұл – жастар өз ойларын еркін жеткізе алатын, өзекті мәселелерді талқылап, ел дамуына әсер ететін шешімдер ұсына алатын платформа.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ