Әйелді екі баласымен бірге өлтірген адам іздестіріліп жатыр

0
253
Фото: life09.kz

Алматы облысында әйелді екі баласымен бірге өлтірген адам іздестіріліп жатыр.

Қаза тапқан адамның бәрі өртенген үйден табылған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт 14 қыркүйекте кешке Іле ауданында болғанын хабарлады.

Өртенген үйден зорлық-зомбылық белгілері бар 41 жастағы әйелдің, оның 13 жасар қызы мен жеті жасар ұлының мәйіттері табылды, –  деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт жатын бөлмеден басталып, кейін үйдің шатырына жайылған. Полицияның хабарлауынша, алдын ала болжам бойынша, із жасыру үшін үйді қасақана өртеген. Күдікті 1981 жылы туған әйелмен бірге тұрған адам болуы мүмкін. Ал әйелдің балалары 2010 және 2015 жылдары туған болып шықты.

Полицейлер бұл фактіні «Кісі өлтіру» бабы бойынша тіркеді.

Күдіктіні іздестіру жалғасып жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ