“JOLTAP” жобасы біз үшін өте маңызды
Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен жұмыспен қамту шараларын қабылдау арқылы халықтың табысын арттыруға бағытталған “JOLTAP” жобасының аралық қорытындылары шығарылды. “JOLTAP” жобасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылуда. Қасым-Жомарт Тоқаев өнімді жұмыс орындарын құруға баса назар аудара отырып, белсенді әлеуметтік саясаттың қажеттілігі туралы бірнеше рет атап өтті.
“JOLTAP” жобасының құралдары тұтастай алғанда ағымдағы әлеуметтік реформаларға тиімді қосымша болып саналады. Жобаның мақсаты – Астана жұртының табысын арттыру үшін мүмкіндіктерді іріктеуге көмек көрсету.
Жоба аясында 18,5 мың қала тұрғыны 52 мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес алды, 15 дағды бойынша қысқа мерзімді оқытуға жазылып, қаланың ірі жұмыс берушілерінің өзекті бос жұмыс орындары бойынша хабардар етілді.
Қысқа мерзім ішінде 5 мыңнан астам азамат оқытылып, 3 мыңға жуық азамат жұмысқа орналастырылды. Салтанатты рәсімде жоба түлектері мен жұмыс берушілер өз оқиғаларымен бөлісті. Қала тұрғындары қаланың өнеркәсіптік зауыттарына жұмысқа орналасты, фрилансерлік тапсырыстарды қашықтан қабылдай бастады, кофеханаларын, шеберханалары мен дүкендерін ашты.
“Бүгінгі таңда ТжКБ жүйесі біз үшін технологтар мен дизайнерлер туралы айтпағанда, кез келген кадрларды, тіпті қарапайым жиһаз жинаушыларды да шығармайды. Бұл жағдайда “JOLTAP” жобасы біз үшін өте маңызды! Мұндай жоба ерекше, әсіресе, біздің жағдайымызда және ел үшін нақты қолдау болып саналады. Жобаның серіктесі болу біз үшін үлкен мәртебе!” – деді “ҚР Жиһаз жасаушылар гильдиясы” ЗТБ президенті Қарлығаш Байбаченова.
Жиһаз жасаушылар саладағы мамандықтар пулын одан әрі кеңейтуге үміт білдірді және барлық көмек көрсетуге уәде берді.
Сондай-ақ “Danmard” тігін фабрикасы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Даниэль Болатқұлов:
“Кадрлық аштық мәселесі бизнес үшін өте ауыр, жаңа қызметкерлерді тарту үшін көп ақша мен уақыт жұмсалады. Нарықта дайын кадрлар өте аз. Колледж студенттері саналы түрде мамандық таңдау үшін тым жас. Астанада 32 колледждің тек 6-ы ғана тігіншілер шығарады, ал осы түлектердің төрттен бір бөлігі ғана өз мамандығы бойынша жұмыс істейді. “JOLTAP” жобасы өз кезегінде бұл ауыртпалықты жеңілдетеді. Адамдар нарықта сұранысқа ие жабдықта оқиды және нақты тәжірибелі мамандардан білім алады. Бізде дайын мамандардың таңдауы болды, бұл біз үшін өте маңызды! Енді біз тігіншілерді тек “JOLTAP”-пен аламыз”.
“YDA” зауытының өндірістік цехының директоры Дженк Куруч қысқа мерзімді оқытудың тәжірибеге бағытталғандығын атап өтті. 3-разрядты электр газбен дәнекерлеушілер нарықта сұранысқа ие және жоба азаматтарды 10 күнде қайта даярлауға мүмкіндік береді.
Іс-шара аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек түлектермен және жұмыс берушілермен әңгімелесті. Қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және олардың жаңа құзыреттеріне оқыту қала дамуының маңызды векторы болып саналатыны аталып өтті.
Кездесу соңында “JUMYSTAP” отандық платформасы таныстырылды, бұл жобаны іске асырудың келесі маңызды кезеңі болып саналады. Платформа Кадрлық аштық пен жұмыссыздық мәселесін жедел шешуге бағытталған.
Жалпы, “JOLTAP” жобасы қаланың жұмыс берушілері арасында кең ұғымға ие болды. Мысалы, жоба демеушілерінің қатарын құрылыс материалдарын өндіруге маманданған “Asyl Qala” зауыты толықтырды.
Естеріңізге сала кетейік, жоба аясында “Баршаға мүмкіндік” модульдік пункттері арқылы қала тұрғындары 7 цифрлық дағдылар (SMM, сайттарды әзірлеу, бейнемонтаж, Графикалық дизайн, мобилография, маркетплейстердегі сауда, таргет) және 8 жұмыс дағдылары (тігінші, сәнгер-конструктор, бухгалтерлік есеп негіздері, корпустық жиһаз жасау негіздері) бойынша оқуға жазыла алады, сатушы-кассир, электр газбен дәнекерлеуші, бариста, аяқ киімді жөндеу).
“JOLTAP” жобасы туралы барлық сұрақтар бойынша 8 707 221-31-31 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.