Көкшетауда ұшу аппараттарының иесіне айыппұл салынды

0
238
Фото: sky-cz.com

Көкшетау көлік прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті орган әуе кеңістігінде ұшу аппараттарын тиісті тіркеуден өткізбей пайдалану тәртібінің бұзушылықтарын анықтады.

Авиация саласындағы қолданыстағы заңнамада меншік иесінің әуеде қозғалатын кез келген құралды мемлекеттік органның есебіне қою міндеті көзделген. Барлық қажетті заңды рәсімдер орындалғаннан кейін ғана авиа аппараттар ұсынылған ұшу жоспарына сәйкес ұшуға рұқсат беріледі, – делінген прокуратура хабарламасында.

Алайда экстремалды спорт әуесқойы бірнеше жыл бойы «Windtech» және «BOXER» моторлы паропландарын тіркеуден жасырып қолданған. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен жүргізілген бірлескен рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде ұшатын аппараттың иесі мемлекеттік тіркеуден өтпеген әуе кемесіне рұқсаты болмағаны үшін ҚР ӘҚБтК 569-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Динара АМАНТАЙ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ