Көркем гимнасшылар Олимпиада жолдамасын сарапқа салады

0
35
Фото: instagram.com/qaz_team_official/

Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталады.

Оған Қазақстан құрамасынан жалпы есебі 8 спортшы қатысады.

Жекелей сында Елжаңа Таниева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді. Ал топтық жаттығуда Аяулым Кәдір, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбағар, Мария Корниенко мен София Ан сынға түседі.

Осы Азия чемпионатында жекелей сын мен топтық жаттығудан Олимпиадаға бір-бір квота ойнатылады.

Лицензия көпсайыс нәтижесі бойынша беріледі.

Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әлия Юсупованың айтуынша, команданың жарысқа дайындығы өте жақсы.

Бұл Азия чемпионатындағы біздің ең негізгі мақсатымыз – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алу. Команданың дайындығы жақсы. Федерация өз кезегінде қажетті жағдайдың бәрін жасады, – деді ол.

Қыздар ендігі кезекте жүлде алу үшін барын салмақ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ