Еркін күрес: Қазақстан балуандары жарыста үш жүлде алды

0
78
Фото: Күрес түрлері федерациясы

Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан биылғы соңғы төртінші рейтингтік турнирінің алғашқы күні еркін күрес балуандары боз кілемге шықты. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан балуандары 3 медаль иеленді.

74 келі салмақта күрескен Нұрқожа Қайпанов финалға жетіп сүрінді. Финалда ол алаң иесі Мурад Курамагомедовке есе жіберіп, күміс медаль алды.

92 келі салмақтағы Ризабек Айтмұқан қола медаль иеленді. Ол қола медаль үшін белдесуде Иран балуанынан басым түсті.

97 келі салмақта Әлішер Ерғали да қола жүлдеге ие болды. Ол 3-орын үшін белдесуде Германия балуанын жеңді. Бұл салмақта өнер көрсеткен Бекзат Үркімбай жарысты 5-орынмен аяқтады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ