Кәсіпкерден 13 млн теңге пара алған шымкенттік шенеунік ұсталды

0
264

Шымкентте жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.

Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген, – делінген ақпаратта.

Соттың санкциясымен күдікті 2 айға қамауға алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ