Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Күзгі аңшылық маусымы: ІІМ аңшыларға ескерту жасады

фото: kazlenta.kz

Ішкі істер министрлігі аңшылық кезеңінің басталуына байланысты ескерту жасады.

Республика бойынша күзгі аңшылық кезеңі 2 қыркүйекте басталған болатын. ІІМ Әкімшілік полиция комитеті қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысов аңшыларға аң аулау және қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын сақтау қажеттін ескертті.

Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында әкесі баласымен аңға шыққанда қаруды баласына берген. Баласы қаруды ұстау ыңғайын білмей, өзінің аяғын атып алған, – деді Асылбек Ыдырысов онлайн брифингте.

Оның айтуынша, қорықшылар қызметі аң аулау кезеңінде бақылау шараларын күшейтіп отырады. Ал полиция табиғатты қорғау органдарына рейдттік іс-шараларды өткізуге көмектесіп жүр.

Сәйкес жаңалықтар

Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Ренат Бектұровты қабылдады

Шымкенттіктер футбол алаңына түнеуге мәжбүр (ВИДЕО)

Қазақстандық кәсіпкерлер мораторий бітеді деп алаңдап отыр – Ринат Зайытов